№60 «Ертөстік» бөбекжай

Ақтау қ. мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Жаңалықтар

    24.02.2026ж. бөбекжайда жас мамандармен «Ұлттық құндылықтарды ұйымдастырылған іс-әрекетте (ҰІӘ) қолдану» тақырыбында әдістемелік жұмыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, ұлттық құндылықтарды білім беру үдерісіне тиімді кіріктіру жолдарын көрсету және іс-тәжірибе алмасу.

    Жұмыс барысында ұлттық ойындар, салт-дәстүр элементтері, халық ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық киім мен қолөнер бұйымдарын ҰІӘ мазмұнына енгізу тәсілдері талқыланды. Жас мамандарға оқу қызметін жоспарлау кезінде тәрбиелік, дамытушылық міндеттермен қатар ұлттық мазмұнды жүйелі қолданудың маңыздылығы түсіндірілді. Практикалық бөлімде қатысушылар топтық жұмыс жасап, ұлттық құндылықтарға негізделген ҰІӘ конспектілерін құрастырды.

     Іс-шара соңында кері байланыс жүргізіліп, жас мамандар өз ой-пікірлерін білдірді. Мұндай әдістемелік жұмыстар педагогтердің шығармашылық ізденісін дамытып, тәрбиеленушілердің бойына ұлттық рух пен адамгершілік қасиеттерді сіңіруге бағытталған жүйелі жұмыстың сапасын арттыруға ықпал етеді.

 

 

 

    27.11.2025 күні, Қараша айына белгіленген «Әкелер мектебі» жұмысы аясында МАД топтарының арасында ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тәрбиеленушілердің дене белсенділігін арттыру, ұлттық спорт түрлеріне қызығушылығын қалыптастыру, командалық ауызбіршілікті нығайту және әкелердің білім беру ісіне қатысуын кеңейту болды.

    Сайыс барысында балалар «Арқан тарту», «Кім жылдам?», «Ақ серек – көк серек», «Теңге ілу», «Асық ату» сияқты ұлттық ойындар бойынша өз күштерін сынады. Әр ойынға әкелер белсенді қатысып, өз балаларына қолдау көрсетіп, жарыс қызықты әрі тартысты өтті. Топтар өзара ұйымшылдық, шапшаңдық, төзімділік және ептілік танытты.

     Сайыс соңында барлық қатысушылар мадақтамалармен марапатталып, жеңімпаз топқа арнайы жүлде табысталды. Бұл іс-шара тәрбиеленушілердің рухани-мәдени құндылықтарды тануына, ұлттық ойындарға деген сүйіспеншілігін арттыруға және әкелер мен балалар арасындағы байланысты нығайтуға үлкен үлес қосты.

  

 

26.11,2025 жылы Қорытынды тоқсандық ұйымдастырылған іс-әрекетті бөбекжайдың дене тәрбиесі маманы: Есетов Ислам №7 «Балауса» ортаңғы тобымен өткізді.

Тақырыбы: «Шынығамыз бәріміз»

Ұйымдастырылға іс-әрекеттің мақсаты:

Ортаңғы топтағы тәрбиеленушілерге еңбектеп жүру және секіру жаттығулары арқылы қимыл-әрекет дағдыларын дамыту, дене бұлшықеттерін нығайту, үйлесімділік пен тепе-теңдікті қалыптастыру, қозғалыс белсенділігін арттыру.

Еңбектеп жүру жаттығуларының пайдасы

  • Омыртқа, арқа және иық бұлшықеттерін күшейтеді;
  • Қол мен аяқтың үйлесімді қимылдауын дамытады;
  • Тепе-теңдікті сақтауға үйретеді;
  • Кеңістікті бағдарлау қабілетін жақсартады;
  • Тыныс алу мен қан айналымын белсендіреді;
  • Шапшаңдық пен ептілікті дамытады.

Секіру жаттығуларының пайдасы

  • Аяқ бұлшықеттерін, тізе және жамбас буындарын нығайтады;
  • Жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады;
  • Шапшаңдық, батылдық, үйлесімділік дағдыларын қалыптастырады;
  • Тепе-теңдік пен ырғақты сезінуді дамытады;
  • Буындардың икемділігін арттырады;
  • Жалпы қозғалыс белсенділігін күшейтеді.

 

  

 

 

     20.11.25, кіші топ тәрбиеленушілерімен “Түстерді ажырату” атты танымдық ойын ұйымдастырылды. Ойынның мақсаты – балаларға негізгі түстерді таныту, оларды ажырата білуге, салыстыруға және дұрыс атауға үйрету.
    Ойын барысында тәрбиеленушілер қызыл, сары, көк, жасыл түстерді әртүрлі заттар мен карточкалар арқылы сәйкестендіріп, топтастыру тапсырмаларын орындады. Балалар түстерді дұрыс тануға белсенді қатысып, назарын шоғырландыру, ұсақ моторикасын дамыту дағдыларын көрсетті.
    Іс-әрекет қызықты көңіл-күйде өтіп, тәрбиеленушілер жаңа білімді ойын арқылы меңгерді.

     

  

    18.11.2025 ж күнгі өткізілген іс-әрекет ортаңғы топтағы дене тәрбиесі . Бұл-балалардың дене дамуын, қимыл-дағдыларын және жалпы денсаулығын нығайтуда маңызды рөл атқарады. Бұл жастағы тәрбиеленушілер қимыл-әрекеттерді белсенді меңгеріп, кеңістікті бағдарлауды, үйлесімді қимылдауды және қарапайым спорттық жаттығуларды орындауды үйренеді.

    №12 “Балдырған” ортаңғы топ балаларымен өткізілген дене тәрбиесі іс-әрекетінің мақсаты: балаларды салауатты өмір салтына баулу,

    Балалардың қозғалысқа деген қызығушылық танытып, дене белсенділігінің маңызын түсінуіне ықпал жасау.

Іс-әрекетті өткізген бөбекжайдың дене тәрбиесі маманы: Есетов Ислам

Топ тәрбиешісі: Ашықбаева Бибихан Талапбаевна.

  

 

  

 

14 қараша 2025жылы білім бөлімі басшысы жанындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары директорлары кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде маңызды мәселелер қаралды:

1. «Отбасы мен балабақша арасындағы байланыс» тақырыбында «Айшауақ» санаториялық бөбекжайының психологі Болатбаева Айгүл Серікбайқызы тәжірибесімен бөлісті.

2. №4 «Аққу» бөбекжайының әдіскері Орунбай Илия Исағалықызы ECERS-3 шкалаларын қолдана отырып, білім беру ортасын ұйымдастыру жолдарын ұсынды.

3. №60 «Ертөстік» бөбекжайының әдіскері Қажапиева Назгүл Оразқызы мектепке дейінгі ұйымдарда қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру бағытында өз тәжірибесін ортаға салды.

4. Сонымен қатар өзекті сұрақтар көтеріліп, тиімді ұсыныстар айтылды. Кеңес – тәжірибе алмасу мен сапалы өзгерістерге бағытталған маңызды алаң болды.

  

 

 

  

 

  

 

 

 

Ағымдағы жылдың қазан айында ,Астана қаласында “Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыруда мектепке дейінгі білім берудегі басқару және менеджемент» тақырыбы бойынша біліктілік арттыру курсынан бөбекжай директоры Г.З.Шингалиева оқып келді.

  

  

 

«Алдар көсе мен бай» ертегісін тіл дамыту бойынша саусақ театры арқылы балаларға көрсету.Мақсаты: Тәрбиеленушілерге қазақ халық ауыз әдебиетінің кейіпкері Алдар Көсе туралы түсінік беру, оның тапқырлығы мен әділдігін таныту; саусақ театры арқылы балалардың шығармашылық қабілетін, сөйлеу мәдениетін, қимыл-координациясын дамыту; әділдікке, еңбексүйгіштікке және тапқырлыққа тәрбиелеу.
Ертегіні сахналаған тәрбиешілер: Г.А.Мединаева және Ержан Ұлмекен Наурызқызы.

   

 

  

    Ертөстік» бөбекжайының консультативтік пункт жоспарына сәйкес ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды. Шара барысында психолог маманы мен қазақ тілі мамандары ата-аналарға балаларға арналған ойын жинақтарын таныстырды.

    Психолог маманы баланың танымдық, эмоционалдық және әлеуметтік дамуын қолдайтын дамытушы ойындардың түрлерін түсіндіріп, олардың қолдану жолдарын көрсетті. Ал қазақ тілі мамандары тіл дамытуға, сөздік қорды байытуға және дыбыстау дағдыларын қалыптастыруға арналған ойын үлгілерін ата-аналарға ұсынды.

    Кездесу ата-аналардың қызығушылығын арттырып, үй жағдайында баламен тиімді жұмыс жүргізуге бағыт-бағдар берді.

   

 

    03.10.2025 ж күні «Ертөстік »бөбекжайының жылдық жоспарына сәйкес «Әкелер мектебі» жобасы аясында бөбекжайымыздың топтары арасынан жинақталған бір топ әкелер өз балаларымен , Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасына танымдық саяхат жасады.

     Сапар барысында әкелер кітапхананың тарихымен, бөлімдерімен және қызмет көрсету бағыттарымен танысты. Сонымен қатар балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және отбасыдағы кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жолдары талқыланды. Кітапхана қызметкерлері қонақтарға экскурсия ұйымдастырып, жаңа әдебиеттер мен балаларға арналған қор жайлы ақпарат берді. Шара соңында әкелер қауымы бөбекжай директоры, Г.З. Шингалиеваға ,бөбекжай әдіскері ,Н.О.Кажапиеваға және осы шараның басы-қасында жүрген бөбекжай мамандарына өз алғыстарын білдіріп жатты.

«Кітапқа қызығатын ұрпақ тәрбиелеуде,біріге жұмыс жасаймыз»-деп қорытындылады.

     Бұл шараның негізгі мақсаты – әкелердің тәрбиелік үдерістегі белсенділігін арттыру, баланың рухани дамуына ықпал ету және отбасы мен бөбекжай арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.