24.02.2026ж. бөбекжайда жас мамандармен «Ұлттық құндылықтарды ұйымдастырылған іс-әрекетте (ҰІӘ) қолдану» тақырыбында әдістемелік жұмыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, ұлттық құндылықтарды білім беру үдерісіне тиімді кіріктіру жолдарын көрсету және іс-тәжірибе алмасу.
Жұмыс барысында ұлттық ойындар, салт-дәстүр элементтері, халық ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық киім мен қолөнер бұйымдарын ҰІӘ мазмұнына енгізу тәсілдері талқыланды. Жас мамандарға оқу қызметін жоспарлау кезінде тәрбиелік, дамытушылық міндеттермен қатар ұлттық мазмұнды жүйелі қолданудың маңыздылығы түсіндірілді. Практикалық бөлімде қатысушылар топтық жұмыс жасап, ұлттық құндылықтарға негізделген ҰІӘ конспектілерін құрастырды.
Іс-шара соңында кері байланыс жүргізіліп, жас мамандар өз ой-пікірлерін білдірді. Мұндай әдістемелік жұмыстар педагогтердің шығармашылық ізденісін дамытып, тәрбиеленушілердің бойына ұлттық рух пен адамгершілік қасиеттерді сіңіруге бағытталған жүйелі жұмыстың сапасын арттыруға ықпал етеді.





