26.11,2025 жылы Қорытынды тоқсандық ұйымдастырылған іс-әрекетті бөбекжайдың дене тәрбиесі маманы: Есетов Ислам №7 «Балауса» ортаңғы тобымен өткізді.
Тақырыбы: «Шынығамыз бәріміз»
Ұйымдастырылға іс-әрекеттің мақсаты:
Ортаңғы топтағы тәрбиеленушілерге еңбектеп жүру және секіру жаттығулары арқылы қимыл-әрекет дағдыларын дамыту, дене бұлшықеттерін нығайту, үйлесімділік пен тепе-теңдікті қалыптастыру, қозғалыс белсенділігін арттыру.
Еңбектеп жүру жаттығуларының пайдасы
- Омыртқа, арқа және иық бұлшықеттерін күшейтеді;
- Қол мен аяқтың үйлесімді қимылдауын дамытады;
- Тепе-теңдікті сақтауға үйретеді;
- Кеңістікті бағдарлау қабілетін жақсартады;
- Тыныс алу мен қан айналымын белсендіреді;
- Шапшаңдық пен ептілікті дамытады.
Секіру жаттығуларының пайдасы
- Аяқ бұлшықеттерін, тізе және жамбас буындарын нығайтады;
- Жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады;
- Шапшаңдық, батылдық, үйлесімділік дағдыларын қалыптастырады;
- Тепе-теңдік пен ырғақты сезінуді дамытады;
- Буындардың икемділігін арттырады;
- Жалпы қозғалыс белсенділігін күшейтеді.





