№60 «Ертөстік» бөбекжай

Ақтау қ. мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Жаңалықтар

Бүгін 25.09 күні №11 “Ақмаржан” ортаңғы тобының«Балабақша мен отбасы ынтымағы» тақырыбы аясындағы ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1.Жаңадан жинақталған топты таныстыру.Балалардың бөбекжай күнтәртібіне бейімделу жолдары туралы баяндама.
2. ⁠Ата-аналарды күн тәртібімен ,оқыту бағдарламасымен ,бөбекжай өмірімен ,киіну тәртібімен таныстыру.
3. ⁠Сауалнамалар толтыру.
4. ⁠Көңілді ойын ойнайық.Кубик лақтыру арқылы сұрақтарға жауап беру.
Жиналысты топ тәрбиешісі: А.Б.Есениязова бастап бөбекжай медбикесі Д.Тулебаева жалғады. Ата-аналардың тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға жауап алынып,күн тәртібімен таныстырылды.Жиын соңында ата-аналар өздерінің талаптары мен тілектерін жазып қалдырды.

Толығырақ

«Аbai.institute» - 2020 жылғы 18 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында қазақ тілін Қазақстанда және шетелде оқыту және ілгерілету бағдарламасы шеңберінде әзірленген «Аbai.institute» веб-порталы таныстырылды. Бұл-еліміздің азаматтарына, шетелдегі қазақ диаспорасына және шетел азаматтарына қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін насихаттауға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Сондай-ақ, «Аbai.institute» Android және iOS қолдайтын мобильді қосымшада қолжетімді. Жоба Гете институты немесе Пушкин институты негізінде жасалған.
Портал 6 тілде (қазақ, ағылшын, неміс, француз, орыс, түрік, парсы) ұсынылған. Бүгінгі күні порталды пайдаланушылар саны - 20 183 адам.