28.05.2025 ж «Ертөстік» бөбекжайының №5 ші педагогикалық кеңесі болып өтті.
Тақырыбы: «Оқу жылының қорытындыларын талдау. Жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру»
- Бөбекжайдың 2024-2025 оқу жылының қорытындысы.
- Педагогтердің жұмысының есебі.
- Жазғы сауықтыру жұмысының жоспарын бекіту.
Жаңа оқу жылына бағыт бағдарлау.
Педкеңесті бөбекжай директоры Гульнара Зияшевна жүргізіп жыл бойғы топтардың атқарған жұмыстарының есебімен танысты.
Бөбекжай әдіскері: Назгул Оразовна бөбекжайдың жылдық қорытындысымен таныстырды; «-Жалпылама айтқанда 3 рет облыстан дипломға ие болдық, 11 қалалық жүлделі орындарды иелендік, және де бірнеше қауымдастық пен жол картасы бойынша бірлескен ұйымдардың жеңімпаз дипломдарын бөбекжай қоржынына салған болатынбыз.»-деді.
Шешім:
1.2025-2026 оқу жылының жұмысын «жақсы» деп бағалау.
- Жаңа оқу жылында бөбекжай педагогикалық ұжымның басымдылық бағыты - мектепке дейінгі балалардың құзыреттілігін дамытудағы заттық-дамытушы орта құруды жалғастыру.
3.Жазғы кезеңге арналған балабақша жоспарын бекіту. Әртүрлі қызмет түрлерін ескере отырып, балаларға арналған қызықты жоспарлар ұйымдастыру.





