№60 «Ертөстік» бөбекжай

Ақтау қ. мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды. Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды. Алғашқы ғарыш сапарынан кейінгі жылдары 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді.

Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтер де бар. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды.

Міне біздің бөбекжай ғарышкерлер күніне орай бөбекжай ата-аналарымен бірлесе отырып “Ғарыш әлемі” тақырыбында көрме ұйымдастырды.

Көрмеге барлық топ тәрбиеленушілері қол өнер бұйымдары мен салған суреттерін әкелді.