№60 «Ертөстік» бөбекжай

Ақтау қ. мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

03.10.2025 ж күні «Ертөстік »бөбекжайының жылдық жоспарына сәйкес «Әкелер мектебі» жобасы аясында бөбекжайымыздың топтары арасынан жинақталған бір топ әкелер өз балаларымен , Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасына танымдық саяхат жасады.

Сапар барысында әкелер кітапхананың тарихымен, бөлімдерімен және қызмет көрсету бағыттарымен танысты. Сонымен қатар балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және отбасыдағы кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жолдары талқыланды. Кітапхана қызметкерлері қонақтарға экскурсия ұйымдастырып, жаңа әдебиеттер мен балаларға арналған қор жайлы ақпарат берді. Шара соңында әкелер қауымы бөбекжай директоры, Г.З. Шингалиеваға ,бөбекжай әдіскері ,Н.О.Кажапиеваға және осы шараның басы-қасында жүрген бөбекжай мамандарына өз алғыстарын білдіріп жатты.

«Кітапқа қызығатын ұрпақ тәрбиелеуде,біріге жұмыс жасаймыз»-деп қорытындылады.

Бұл шараның негізгі мақсаты – әкелердің тәрбиелік үдерістегі белсенділігін арттыру, баланың рухани дамуына ықпал ету және отбасы мен бөбекжай арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.